Егіздердің 27 жасар анасы РТІ ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Менің егіз нәресте тапқаныма таңырқаған акушерлер «корона және ковид сияқты екеу келді» деп әзілдеді. Осы оқиға балаларыма індеттің атын қойуыма түркі болды. Мұндағы мақсат-ниетім: жаһанды жайлап бара жатқан дерттің беті қайтсын деген ырым. Алдағы уақытта есімдерін өзгерттеуім де мүмкін. Ең бастысы, індеттен халқым, жұртым аман болсыншы», - депті.
Расында, бұл елде дәл қазір індет жұқтырушылар саны күннен-күнге көбейіп келеді. Бір тәулік бұрынғы мәліметке жүгінсек, 2567 адам дерт жұқтырып, өлім-жітім саны 70-тен асқан көрінеді.